Жұмысынан айырылған 70 мыңнан аса адам МӘСҚ-дан төлем алған

916

Оның ішінде 47 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған.

Жұмысынан айырылған 70 мыңнан аса адам МӘСҚ-дан төлем алған

Қазақстанда жұмысынан жұмысынан айырылған 70 мыңнан аса адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 шілдеде МӘСҚ жұмысынан жұмысынан айырылған 70,3 адамға әлеуметтік төлем тағайындаған. Оның ішінде 47 мың адамға төлем алғаш рет берілген.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылғандар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1-6 ай аралығында жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға мүмкіндігі бар. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - деп жазылған хабарламада.

Әлеуметтік төлемді алу үшін жұмысынан айырылған адам:
- eGov.kz порталында авторизациядан өту;
- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
- Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтырып және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінім жіберуі керек;
- Бір күнде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- Жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат алу үшін хабарласуы мүмкін);

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті мәліметті алғаннан кейін (жұмыссыз ретінде тіркелу бойынша) сізге проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша ұялы телефоныңызға SMS-хабарлама жібереді. Әлеуметтік төлемді алуға келіссеңіз, SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Айта кетейік, МӘСҚ есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу