"Жүнін түтіп, ұршығын иіріп отырған апа кімге кедергі келтірді?": блогер су тасқынын тоқтататын ырымды жасаған әйелдерді қолдады

671

Сонымен қатар апаның жасаған ырымын көп адамның үйреніп алуына үндеді. 

"Жүнін түтіп, ұршығын иіріп отырған апа кімге кедергі келтірді?": блогер су тасқынын тоқтататын ырымды жасаған әйелдерді қолдады Фото: бейнеден скриншот

“Жүнін түтіп, ұршығын иіріп отырған апа кімге кедергі келтірді?! Арт жақта сөйлеп, апаны түсіріп жатқан журналистерге кедергі келтіріп тұрған жігіт: көзім ашық бахабистпін деп қояды. Ондайлары да бар ма еді?! Практикаға сенгіш екен, имамның қай практикасы бұған нәтиже берді екен?! Ал тасаттық беріп Алладан жауын тілеген жұрттың кетпей жатып ақ сіркірегенін жауынның астында қалғанын көзбен көргенбіз. Сол саған практика!”, – деп жазды блогер Мөлдір Анарбаева.

Айтуынша,  ырым-тыйым - зияны жоқ, халық ауыз әдебиетінен қалған мұраның бірі екен.

“Апаға айту керек екен, көп адамға үйретсін. Бұл ешкімге және ешнәрсеге зияны жоқ фольклор. Өткен шақтан қалған бейкүнә із. Сүрінген жолыңмен жүре бер көзі ашық, бахабист! Су тасыған аймақтарды көзбен көріп, құлақпен естіп отырмыз. Тәңірден тезірек қалыпқа келуін тілейміз. Аяқтың астына оратылмай, хайп іздеп, лайк сұрамай шын ниеттес болып отырғанымыз абзалырақ. Ел аяғы басылып, су тартылып, үй соғылған күн туғанда тағы бір көмегімізді береміз. Сол күнге жетейік!”, – деп жазды блогер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу