"Жүрегімнің қағысы қатты": Руслан Берденовтың жары жантебірентерлік жазба жариялады

Ол мәселенің мән-жайын бүге-шігесіне дейін баяндамаса да, әр адам үшін ең маңызды саналатын дене мүшесіндегі өзгеріске тоқталған.  

"Жүрегімнің қағысы қатты": Руслан Берденовтың жары жантебірентерлік жазба жариялады Фото: коллаж inbusiness.kz

Шабуыл жасалған Шымкент қаласы әкімінің орынбасарының келіншегі Маржан Смаилова әлеуметтік желіде қысқа да нұсқа жазба жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жолдасы Руслан Берденовтің қазіргі жағдайына бағытталған жазбада ол жүрегінің қағысы ересек адам ретінде тұңғыш рет қатты қағып тұрғанын мысалға келтірген. 

– Ұзақ уақыттан бері алғаш рет жүрегімнің соққанын анық естіп тұрмын. Бірақ бұл жүректің жай ғана соғуы емес, нағыз барабанның дауысындай қатты.

Шындығында, оны үнемі сезіп, естіп жүремін, бірақ дәл осылай қатты естуім – өмірімде алғаш рет. Бұл бала кездегі бір нәрседен қатты қорқып кеткен сәттерді еске салады... – деді ол.

Бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке 4 сағат бойы ота жасалғанын және отадан соң оның есін жиғанын, сөйлей алатынын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу