“Жүрек шымырлайтын көрініс!”: ЖИ камераның жол апатын тіркеген сәті жарияланды

Жантүршігерлік бейнежазбаны "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның ресми арнасы бөлісті.  

“Жүрек шымырлайтын көрініс!”: ЖИ камераның  жол апатын тіркеген сәті жарияланды Фото: Бейнежазбадан

Жол-көлік оқиғасы республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолының 51-шақырымында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бейнежазбадан Астана қаласы бағытында қозғалып келе жатқан Mercedes автокөлігінің басып озу маневрін жасау кезінде "Газель" автокөлігімен бір бағытта соқтығысқанын көруге болады. Соққы салдарынан "Газель" жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігінен шығып кетіп, жол жиегінде аударылған.

Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапқан. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

Өз кезегінде "ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал басып озу маневрін жасамас бұрын жолдағы жағдайды жан-жақты бағалауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу