Жараның бетін жаппай, құқығымызды талап етіңіздер - зілзаладан көз жұмған түркиялық қыздың хаты

8245

Осыдан үш жыл бұрын Шейма есімді твиттер қолданушысының қалдырған жазбасы оқырмандардың көзіне жас үйірді. 

Жараның бетін жаппай, құқығымызды талап етіңіздер - зілзаладан көз жұмған түркиялық қыздың хаты

Жас қыз бұл жазбаны 2020 жылдың 30 қазанында Измирде болған 6,9 балдық жер сілкінісінен кейін бөліскен. Шейма сол кездің өзінде өзі тұрып жатқан аймақтың тұрғындары үшін қорқа бастаған. Оны мына жазбасынан байқауға болады: 

"Жер сілкінісі жиі болатын елде және апат қаупі жоғары қалалардың бірі Қахраманмараштың тұрғыны ретінде мынаны айтқым келеді. Егер күндердің бір күні бұл аймақ та Измир мен Елазығ қалаларының тағдырын бастан өткерсе, қаза болғандарды "олар періштеге айналды" деп жарамыздың бетін жабуға тырыспаңыз. Керісінше біздің құқығымызды іздеңіз", - деген.

Шейма Гөккая Стамбул Мәдениет университетінің стоматология факультетінде білім алып жатқан. Қысқы демалысқа шыққан соң бірден туған қаласына барады. Бұл оның соңғы сапары еді. Өкініштісі сол Қахраманмараштағы жер сілкінісі Шейманың да  өмірін жалмады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу