"Жүргізуші тірідей жанып кетті": Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, өртенді

678

Қылмыстық іс қозғалды.

"Жүргізуші тірідей жанып кетті": Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, өртенді Фото: Бейнежазбадан

Шымкентте бензин таситын көлік аударылып, өртке оранды. Қайғылы оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 18 қарашада Тұран ауданынан түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жіберілген. Құтқарушылар жеткен кезде аударылған бензовоз бен жерге төгілген жанармай лаулап жанып жатқан. Мамандар 60 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды толық сөндірді. Ер адамның денесі көлік кабинасынан табылды.

Редакция тілшісі осы оқиғаға байланысты Шымкент қалалық полиция департаментіне сауал жолдады. 

"18 қараша күні сағат 16:00 шамасында Шымкент қаласындағы "Шымкент – Ташкент – Термез" автожолында жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, салдарынан жүк көлігі аударылды. Көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу