Жүргізуші куәлігіндегі чип алынып тасталуы мүмкін

221

Ведомство мәліметінше, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығынды қажет етеді.  

Жүргізуші куәлігіндегі чип алынып тасталуы мүмкін Фото: digitalbusiness.kz

Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілеріне өзгерістер енгізу жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жобаның негізгі мақсаты – құжаттардағы электронды чипті алып тастау. Министрлік мұны қаржылық тұрғыдан тиімді шешім деп санайды. Ал қазіргі таңда олардың барлық функциясын мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелер толық қамтамасыз етіп отыр.

Бастамашылардың айтуынша, чиптен бас тарту құжаттарды дайындауды арзандатып, тексеру мен қауіпсіздікке нұқсан келтірмейді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 22 қыркүйекке дейін талқыланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу