Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу емтихандарына eGov және eGov Mobile арқылы жазылу мүмкіндігі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Құрылтай депутаттарының сауалына берген жауабында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, теориялық емтиханды қашықтан тапсыру жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін жасанды интеллект пен прокторинг технологияларын қолдану жоспарланған.
Жаңа тәртіп бойынша теориялық емтиханды дәстүрлі, яғни күндізгі форматта тапсыратындар алдын ала жазылуы керек болады. Ал қашықтан емтихан тапсыру кезінде орын санына шектеу қойылмайды.
Үміткерлер өздеріне ыңғайлы уақытта емтихан тапсыра алады.