Жүргізуші куәлігіне саусақ ізі енгізіледі

1634

Бимометриялық мәліметтерді 2021 жылдан бастап жеке куәліктерге енгізу жоспарланғандықтан, осы кезеңде жүргізушінің құжаттары да жаңартылатын болады.

Жүргізуші куәлігіне саусақ ізі енгізіледі

Елімізде жүргізуші куәліктеріне саусақ іздері енгізіледі. Осыған орай, тиісті құжатқа үлкен жады бар жаңа үлгідегі чиптер орнатылмақшы, деп хабарлайды Atameken Business.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаевтың айтуынша, жүргізуші куәлігінің жаңа түрі жеке куәлікке өте ұқсас келеді. Яғни, жаңа үлгідегі чип артқы бетіне жабыстырылады. Ал тіркеу туралы құжаттың түсі өзгеріске ұшырайтын көрінеді.

Бимометриялық мәліметтерді 2021 жылдан бастап жеке куәліктерге енгізу жоспарланғандықтан, осы кезеңде жүргізушінің құжаттары да жаңартылатын болады.

Есте болса, бұған дейін куәлік мен техпаспорттың жаңа дизайнының сұлбалары пайда болған еді. Соған сай, жүргізуші куәлігінің түсі ашық күлгінге өзгеретіні айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу