Астанада мас күйінде көлік айдаған жүргізуші полициядан қашып, патрульдік көлікке соқтығысты

152

Астанада жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйінде көлік басқарып, полицейлерден қашуға тырысты.

Астанада мас күйінде көлік айдаған жүргізуші полициядан қашып, патрульдік көлікке соқтығысты Фото: Владислав Воднев

Ол бірнеше рет жол қозғалысы ережесін бұзып, ақыры патрульдік автокөлікпен соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Полиция қызметкерлері тоқтау талабын қойған сәтте ер адам бағынбай, оқиға орнынан бой тасалауға тырысқан.

Қашу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

– Қылмыстық әрекет патрульдік автокөлікке соқтығысумен аяқталды. Бұзақы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын сотталушы тарапынан толық өтелген, – деп жазды прокуратурадан.

Астана қаласының прокуратурасы көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас күйінде көлік басқаруы, сондай-ақ мұндай адамға көлік құралын басқаруға мүмкіндік беру – ҚР заңнамасына сәйкес, өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкелетінін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу