Оқиға 20 қаңтар таңғы сағат 09:00 шамасында Астана – Щучинск автожолы бойындағы "Астана" ақы алу пунктінде тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Volvo маркалы жүк көлігі бетон қоршауға соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болған", – делінген хабарламада.
"ҚазАвтоЖол" қысқы маусымда жол үстіндегі тәртіп пен мұқият болудың маңызы арта түсетінін атап өтті.
"Осы орайда жолға шығатын азаматтарды қарапайым, бірақ аса маңызды талаптарды қаперде ұстауға шақырамыз: шаршаған күйде рөлге отырмау, жол үстінде әр 2-3 сағат сайын тоқтап демалу, жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтау. Әсіресе ақы алу пункттерінен кейінгі учаскелерде қозғалыс қарқыны жиілеп, жүргізушіден жоғары жауапкершілік талап етіледі", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ҰҚ.