Жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуге тиіс – МКК

1352

2021 жылдың 1 сәуіріне дейін қазақстандық жүргізушілер көлік салығын төлеуге тиіс. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) департамент директоры Азамат Садықов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуге тиіс – МКК Фото: inbusiness.kz

Оның айтуынша, салықты төлеу барысында көлік иелері "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасын пайдалана алады.

"Жүргізушілер көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі тиіс. Олар өткен жылдың салығын төлейді", - деді Азамат Садықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Директор көлік салығын есептеу кезінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті берген мәліметтерді пайдаланғанын атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу