Жүргізушілер алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуі керек

1123

Енді жүргізуші куәлігін алу қиындай түспек.

Жүргізушілер алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өтуі керек

Енді темір тұлпарды тізгіндеймін дегендер алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын білуге тиіс. Ол үшін арнайы курстан өтіп, қажетті сертификат алуға міндеттелмек, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазіргі есеппен алсақ, елімізде жедел түрде жәрдем көрсете алатындардың үлесі жүргізушілердің арасында небәрі 3-5 пайыздан аспайды екен. Ал жол- көлік оқиғасына түскендер ең алдымен алғашқы медициналық көмекке зәру. Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына жете алмай жатқанда, өзге куәгерлер өз пайдасын тигізе алатындай болуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу