Жүргізушілердің назарына: Шілдеден бастап автокөлікті аулаға қою тәртібі өзгереді

118

Жаңа ережеге сәйкес, автотұрақтар мен аулаларды жоспарлау кезінде көліктердің көгалдарға шығуына жол бермейтін арнайы бөгеттер орнатылуы тиіс.  

Жүргізушілердің назарына: Шілдеден бастап автокөлікті аулаға қою тәртібі өзгереді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

1 шілдеден бастап Қазақстанда аулалар мен тұрғын үй маңындағы аумақтарда автокөліктерді қоюға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ тұрғындарға кварталішілік және аулаішілік жолдарға темірбетон блоктарын, бағандарды, қоршауларды және өзге де кедергілерді өз бетінше орнатуға тыйым салынады.

Құжатқа сәйкес, тұрғын үй маңындағы аумақтарда көліктерді мына жерлерде тоқтатуға және қоюға болмайды:

  • автотұрақ ретінде белгіленбеген орындарда;
  • тротуарларда;
  • балалар алаңдарында;
  • жасыл желектер орналасқан аумақтарда;
  • қоқыс контейнерлері алаңдарында және олардың маңында.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу