Алматыда жолаушылар толы автобус өздігінен жүріп кетті

1248

Жүргізушісіз автобустан түсіп қалмақ болған әйел мен бала жарақат алды.  

Алматыда жолаушылар толы автобус өздігінен жүріп кетті

Instagram әлеуметтік желісінде Kris_p_brothers_official тобы әйел мен баланың жүргізушісіз қалған автобустан түспек болып, құлап кеткені түсірілген видео жариялады.

Оқиға 1 шілдеде Алматының Алатау ауданы ХҚКО жанында орын алған. Жеңіл автомобильмен соқтығысқан автобустың жүргізушісі көлікті тоқтатып, сыртқа шықты, ал автобус өздігінен қозғалып, жүріп кеткен. Жанындағы кішкентай баласымен бірге түсіп қалуға тырысқан әйел есіктен бар екпінімен құлап түсті. Абырой болғанда, автобусты жолаушылардың бірі келіп, тоқтатып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу