Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

925

Іс Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды Фото: zakon.kz

Журналист, блогер Махамбет Әбжан ҚК-нің екі бабы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айыру туралды үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Сот үкімі бойынша Махамбет Әбжан ҚР ҚК 274-бабының 3-бөлігі; 193-бабының 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Журналиске тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұстаудың бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 3 шілдесінде елордалық Astana Tower бизнес орталығы алдында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист Махамбет Әбжан ұсталғанын мәлімдеді. 

Журналиске қатысты ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша "аса ірі мөлшерде бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу