banner

Жұрт коммуналдық қызметтерді өздері атқаруға мәжбүр

579

Ал Таразда бүтін бір үйдің тұрғындары коммуналдық қызметтерді өздері атқарып жүр. Өйткені қала билігі қараша қажеттілігін өтеуге құлықсыз. 

Жұрт коммуналдық қызметтерді өздері атқаруға мәжбүр Фото: ernur.kz

Көпшілік кәріз суын өздері сорады, жөндеуі де жұрт мойнында. Сорақысы сол, тариф төлемін өзгелерден екі есе қымбат төлейді.

Жұрттың әуелгі жанайқайы – жарық. Соңғы 11 жылда электр құнын ел екі есе қымбат төлеп, артық ақы төлеуден шаршапты. Тарифтердің құнын жапсарлас жатқан университетке төлейді. Алайда баспана сонау 2012 жылы қала әкімдігінің құзырына өткен. Үй өткенмен коммуналдық төлемдер өзгеріссіз қалыпты.  

Ал 1 киловатт электр энергиясының бағасы мұнда 31 тг. Қымбат төлемге қараша амал жоқ көнген. Төлемесе жарығын оқу ордасы қияды. Жалпы үй өткен ғасырдың 70 жылдары соғылған. Бастапқыда университет мұғалімдеріне беріліпті. Кейін жекеге өтіп, тұрғындар жаппай жайғасады. Бірақ содан бері баспана бірде-бір рет жөндеу көрмепті. 

Жырақтағы жалғыз үй 44 пәтерлі. 30-ға жуық жұрт жертөледен бастап, жоғарыға дейінгі ақауларды көрсетіп әлек. Шатырын өздері жапқан. Кәріз суын көпшілік боп тазалайды. Бүлінсе, асарлатып жоғын бүтіндейді. 

Үйдің ішкі көрінісіне көңіл көншімейді. Қабырғалары құлап, тоқ сымдары тозған. Құбырлары тот басуға жақын. Ал қызығы, баспанаға кірер жол құдды лабиринт тәрізді. 

Үйдің қос беті бітелген. Кіріп-шығуы қиынға соққан жұртқа тіпті жедел-жәрдемнің келуі мұң. Содан өзгелер адаспас үшін өкпелі үшін мынадай бағыт белгісін қабырғаға бейнелеп қойған. 

Тұрғындар талабы мұнымен бітпейді. Мұнда кірер төте жол салынсын дейді. Ойын ауласы атымен жоқ. Басты керегі төмен тариф. 

Ал қалалық тұрғынүй коммуналдық, шаруашылық бөлімі аудандағы жол мәселесі биыл ретке келеді деп сендірді. Тарифтер төлемі қала балансына алу енді зерделенбек. Нақты қащан деген сауалғк әкімдіктен жауап ала алмадық! Арна назарына алмақ. Айта кетейік бір ғана Тараздың өзінде 600 үй жөндеуді талап етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу