Жұртшылық интернет байланыстың сапасыздығына үнемі шағымданады — Олжас Бектенов

192

Биылғы 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жетті.  

Жұртшылық интернет байланыстың сапасыздығына үнемі шағымданады — Олжас Бектенов Фото: Үкімет

Интернет сапасы тек шалғай елді-мекендерде ғана емес, қалаларда да көңілден шықпай отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Жұртшылық интернет байланыстың сапасыздығына үнемі шағымданады. Тек өткен жылдың өзінде 21 мың шағым келіп түсті. Биылғы 5 айда мұндай шағымдар саны 11 мыңға жетті. Мәселе тек шалғай елді-мекендерде интернеттің нашар болуында емес, қалалар да ұялы байланыс сигналдарының көңілден шықпауы байқалады", — деді Премьер-министр.

Сондай-ақ шекара өткізу пунктерінде де байланыс пен интернет тұрақсыз. Бгл көліктердің өтуіне кедергі келтіреді. 

"Жалпы министрлік операторлар мен әкімдіктермен бірлесіп, қолданыстағы инфрақұрылмды жаңартуы қажет. Операторлардың үнемі тарифті қымбаттатуын жеке назарға алу керек", — деп қорытындылады О.Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу