Жұрттың қарызы микроқаржылық ұйымдардың кесірінен артып жатыр ма?

932

Банк несиесі қолжетімсіз болғандықтан, кәсіпкерлер "қара" кредиторларға жүгінеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Жұрттың қарызы микроқаржылық ұйымдардың кесірінен артып жатыр ма?

Олардың пайыздық үстемесі де жоғары. Бұл туралы Микроқаржылық ұйымдар қауымдастығының өкілдері айтып отыр.

Мамандардың сөзінше, банктер шағын бизнестің өкілдеріне қарыз беруге ынтасыз. Мұны мемлекет басшысы да сынға алған болатын. Сондықтан шағын кәсіпкерлер шығындарын жабу үшін жеке көлігін ломбардқа өткізуге дейін барады. Себебі жеке тұлға ретінде микроқарыз алу тез әрі ыңғайлы. Ал кәсіпкер ретінде банк несиесін алу қиын. Микроқаржылық ұйымдар "халықтың қарыздық жүктемесін арттырды" деген айыпқа осындай жауап берді.

Айта кетейік, елімізде тұтыну несиесінің 6 пайызы микроқаржылық ұйымдардың үлесінде. Шағын несиенің шекті көлемі – 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 61млн теңге. Елімізде 246 микроқаржылық ұйым бар. 

Жалпы микроқаржы ұйымдары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер үшін микрокредиттерге қолжетімділікті кеңейтетін заңнамалық түзетулерді қабылдау туралы ұсыныс жасап отыр.

Бұл қандай ұсыныстар? Осы тақырыпты Автокөлік құралдарын кепілге беру жөніндегі компаниялар қауымдастығының төрағасы Дулат Тастекеймен талқылаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу