Жүздеген ауған журналист кейпінде елден қашты

646

Кейбір медиа компаниялар журналистік аккредиттеуді қара нарықта сатқан.

Жүздеген ауған журналист кейпінде елден қашты

Ауғанстанның жүздеген азаматы журналист кейпінде елден қашты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Khaama Press агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, Батыс күштерін республикадан эвакуациялау барысында БАҚ-пен байланысы жоқ бірқатар ұйым өз қызметкерлерін, сондай-ақ олардың туыстары мен достарын журналистер етіп тізімге енгізген. Бұл ұйымдар халықаралық қаржылық көмектің бір бөлігін иемденіп алған көрінеді. Тіпті кейбір медиа компаниялар журналистік аккредиттеуді қара нарықта сатқан. 

8 қарашада АҚШ Ауғанстанға гуманитарлық көмекті тәліптер арқылы жібермейтінін, бірақ халықаралық ұйымдар арқылы көмек көрсетуін жалғастыратынын жариялады. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливанның айтуынша, Вашингтон елдің қазіргі басшылығымен жұмыс істеуге дайын емес. Өйткені Ақ үй радикалды топтың саясатында өзгеріс жоқ деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу