Жүзден астам шахтердің өліміне себепші "Арселор Миттал"-ға қандай талаптар қойылды?

391

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында кәсіпорынға қойылған бірнеше талаптарды айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Жүзден астам шахтердің өліміне себепші "Арселор Миттал"-ға қандай талаптар қойылды? Фото: Tengrinews

Осыдан екі жыл бұрын "Арселор Миттал Теміртау" компаниясына тиесілі "Абай" шахтасында апат болып, 6 шахтердің қаза тапты. Жарты жылға созылған тергеу амалдарынан кейін кәсіпорынға қатысты қылмыстық іс жабылған болатын.

"Абай" шахтасы бойынша айтарым, мемлекеттік комиссия тиісті тергеу жұмыстарын жүргізді. Тергеу нәтижесі бойынша, болған апаттың алдын-алу мүмкін емес деп танылды. Сондықтан қылмыстық іс 2022 жылы жабылды", - деп атап өтті Е. Қабдулаұлы.

Дегенмен 1995 жылдан бері есептегенде түрлі себептермен жүзге жуық шахтердің қаза тапқанынын ескеріп, ондай жағдайлардың алу мақсатында облыс әкімдігі бұл мәселені өз бақылауына алып, үшжақты комиссия құрған. Соған сәйкес тексеру жұмыстары жүргізілуде.

"Арселор Миттал" басшыларымен кездесу ай сайын өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша үшжақты комиссия құрылған. Олардың жұмысына бірнеше талаптар қойылды. Мысалы, шахталарда электронды позициялау орнату. Сонымен қатар, Өндіріс қауіпсіздігі департаменті қойған талаптарға сәйкес, кейбір шахталарда қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бұйрық шығып, іс сотқа беріліп жатыр", - деді Ермағанбет Қабдулаұлы.

Одан бөлек Үкімет пен "Арселор Миттал Теміртау" арасында меморандумға қол жеткізілді. Соған сәйкес, компания өз қаражаты есебінен көмір шахталарында жаңарту жұмыстарын жүргізуге міндеттелді.

"Қазір осы меморандумда көзделген міндеттемелердің орындалуын бақылап отырмыз. Мысалы, шахталық комбайндар сатып алынып жатыр. Жоғарыда айтып өткен департамент тексеру жұмыстарын үнемі жүргізеді. Соңғы төрт ай қорытындысы бойынша, ешқандай апаттық жағдай болған жоқ. Барлық талаптардың орындалуына, әрине, үлкен инвестициялар керек, оны да талап ететін боламыз", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу