Жыл басталғалы бері қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

192

Ұсталғандарың ісі полиция органдарына берілді.

Жыл басталғалы бері қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған Фото: ҰҚК

2025 жылдың басынан ҰҚК Шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылы Мемлекеттік шекарада 1 190 қос азаматтық фактісі анықталды. Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды. ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес, қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл ретте қазақстандықтардың басқа мемлекеттің азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру үшін тікелей негіз екенін айта кеткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу