Жыл басынан бергі БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы белгілі болды

Мұндай статистикалық деректі Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында айтты.  

Жыл басынан бергі БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы белгілі болды Фото: kaz.365info.kz

Оның сөзінше, 11 айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық табысы 1,65 трлн теңге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Жыл басынан бері Ұлттық қорға 3,6 трлн теңге түсті. Ал республикалық бюджетке алынған трансферттер көлемі 4,9 трлн теңге болды. Ұлттық қордың биылғы 11 айдағы инвестициялық кірісі 1,7 пайыз немесе 8,2 млрд долларға (4,2 трлн теңге) жетті, – деді Тимур Сүйлейменов.

Ұлттық банк төрағасы жыл басынан бері БЖЗҚ активтері 25 трлн теңгеге дейін немесе 11,7 пайыз өскенін сөз етті. 

"Инвестициялық табыс көлемі 1,65 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы жарналары – 2,5 трлн теңге, ал мерзімінен бұрын алынған қаражат 1 трлн теңге болды", – деп сөзін жалғастырды ол. 

Бұған дейін Үкімет елдің 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын қарайтынын жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу