Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың басынан бері:
- вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді;
- 440 мыңнан астам бұйым тәркіленіп, жойылды;
- осы өнімдерді өндіруге арналған 6 бірлік жабдық алынды;
- тәркіленген өнімнің жалпы құны 1,8 млрд теңгеден асты;
- 14 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
"Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған. Ал түскен табыстар "дроптар" арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған", – делінген агенттік таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу