Жыл басынан бері 495 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды

360

 Еңбек нарығында білім беру саласы көш бастап тұр, ал ең көп вакансия Астана қаласында жарияланған.  

Жыл басынан бері 495 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды Фото: antiplagiat

2026 жылдың басынан бері Enbek.kz электрондық еңбек биржасында 495,7 мың бос жұмыс орны мен 609,3 мың түйіндеме орналастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Тек мамыр айында жұмыс берушілер 86,7 мың вакансия жариялап, жұмыс іздеушілер 91,6 мың түйіндеме қалдырған.

Кадрларға ең жоғары сұраныс білім беру саласында тіркелді – 14 мың бос жұмыс орны. Сонымен қатар қызмет көрсету, денсаулық сақтау, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларында да жұмыс күшіне қажеттілік жоғары болып отыр.

Өңірлер арасында ең көп бос жұмыс орны Астана қаласында жарияланған – 8,3 мың. Одан кейін Павлодар облысы (5,5 мың), Алматы қаласы (5,2 мың), Түркістан (5,1 мың) және Атырау облыстары (5 мың) тұр.

Жұмыс берушілердің басым бөлігі орта біліктілікті мамандарды іздейді. Олар барлық вакансиялардың 43 пайызын құрайды. Ал түйіндемелердің 41 пайызы 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі.

Мамыр айында ең жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс бастығының орынбасарына ұсынылды – шамамен 1,45 млн теңге. Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік инженері мен бас дәнекерлеуші мамандықтары жоғары жалақылы қызметтердің қатарында болды.

Ал жұмыс іздеушілер арасында ең жоғары жалақыны кеме капитандары сұраған. Олардың күткен еңбекақысы орта есеппен 8,7 млн теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу