Жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

781

Оларға 947,9 млн теңге төленді. 

Жыл басынан бері  5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары 321 кәсіпорынның 6,4 мың жұмыскердің алдында 1,007 млрд теңгеден астам  жалақы бойынша берешегі барын анықтады, деп inbusiness.kz  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 254 нұсқама беріліп, 27,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу