Көпбалалы отбасыларды қолдау аясында 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мансап орталықтарына 17,2 мың азамат жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның 5,8 мыңы ауылдық елді мекендердің тұрғындары.
Нәтижесінде 6,1 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 3,7 мыңы тұрақты жұмысқа орналасса, 3 мыңы мемлекеттік субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына жолданды.
Мамандардың айтуынша, бұл шаралар көпбалалы отбасылардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу