Жыл басынан бері 745 кооператив құрылды

1023

Жыл басынан бері 745 кооператив құрылды

Ұсақ және орта шаруаларды ауыл шаруашылығы кооперативіне біріктіру бойынша 745 кооператив құрылды. Бұл туралы үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов айтты, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

"2017 жылдың 1 қазанындағы есеп бойынша жыл басынан бері 745 кооператив құрылды, оның ішінде 273 кооператив сүт қабылдау бекетімен, ал 358 кооператив мал сою бекетімен бірге құрылды. 102 587 ірі қара мал басына есептелген 6 159 бордақылау алаңы құрылды", - дейді Айтуғанов.

Вице-министрдің айтуынша, қабылданған шаралар 56 мың жеке қосалқы шаруашылық пен шағын қожалықтарды тартуға мүмкіндік берген.

Бүгінге дейін кооперативтер 44 мың тоннадан астам сүт және 13 мың тонна ет дайындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу