Өзбекстанға 2026 жылдың алғашқы төрт айында 4 миллионнан астам шетелдік турист сапарлаған. Бұл туралы Өзбекстан Ұлттық статистика комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Комитет дерегіне сәйкес, шетелдік туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,9 пайызға артқан.
Саяхатшылардың басым бөлігі Қырғызстаннан келген – 1,14 млн адам. Одан кейін Тәжікстан азаматтары – 965,4 мың адам және Қазақстаннан 935 мыңнан астам турист барған.
Сонымен қатар Ресейден 341,8 мың, Ауғанстаннан 161,5 мың және Қытайдан 132,2 мың адам келген.
Статистикаға сәйкес, туристер көбіне Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.