Жыл басынан бері Алматыда 1 мыңнан аса жол ережесін бұзу фактісі тіркелді

711

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша мегаполис аумағында патрульдік полиция полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлері ауқымды іс-шаралар өткізуде. Нәтижесінде биылғы жылдың 24 күнінде қала жолдарында 1089 жол ережесін бұзу фактісі анықталған.

Жыл басынан бері Алматыда 1 мыңнан аса жол ережесін бұзу фактісі тіркелді

"Патрульдік полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстарды күшейе түсті. Осылайша қозғалыстың қарсы жолағына шығу – 15 жүргізуші, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлікті басқару – 21 жүргізуші,  мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ көлік құралын басқау – 287 жүргізуші, әйнектері қараңғыланған көлік құралдарын басқару – 642 жүргізуші, жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлік құралын басқару – 14 құқық бұзушы, резонаторларды қолданған – 110 жүргізуші анықталды. Өткен демалыс күндерінің өзінде жылдамдықты асырып көлік жүргізген 23 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу