Жыл басынан бері алтын бағасы 14,3 пайызға өскен

1579

Біздің елде алтынның бағасы Ұлттық банктың сайтында көрсетілгендей грамы18 500 теңгеден сатылуда.

Жыл басынан бері алтын бағасы 14,3 пайызға өскен

Алтынның бағасы соңғы алты жылда алғаш рет рекордтық көрсеткішке жетті.  Апта аяғында унциясы 1515 долларға дейін көтеріліп отыр. Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2013 жылы тіркелген, деп хабарлайды Atameken Business.

Дүйсенбі күні COMEX сауда биржасында сары метал 1476 доллардан сатылса, ал бүгін 1518 АҚШ долларына саудалануда.

Жыл басынан бері алтын бағасы 14,3 пайызға өскен. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, аталмыш металдың қымбаттауы Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысына, сондай ақ әлемнің жетекші банктері тарапынан ақша-несиелеу саясатын жұмсартуды күтуі әсер етуде.

Ал біздің елде алтынның бағасы Ұлттық банктың сайтында көрсетілгендей грамы18 500 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу