Жыл басынан бері алтыншы есірткі лабораториясы жойылды

194

Есірткі заттарын заңсыз дайындау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жыл басынан бері алтыншы есірткі лабораториясы жойылды Фото: Polisia.kz

Алматы облысының полицейлері жыл басынан бері алтыншы есірткі лабораториясын жойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстың саяжай алаптарының бірінің аумағында полицейлер тексеру үшін Honda Odyssey автокөлігін тоқтатты. Тінту барысында салонда мефедрон психотроптық затының шамамен бір килограмм аналогтары табылды.

Полиция күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізген. Осыдан бір ай бұрын Жамбыл ауданының аумағындағы саяжай үйлерінің бірінде ер адам есірткі лабораториясын ұйымдастырып, 5 кг жуық аталған затты өндіріп үлгергені белгілі болды. Тінту кезінде есірткі жасауға қажетті реактивтер, ыдыстар мен заттар табылды.

Тергеу мен жедел уәкілдердің айтуынша, есірткі мегаполис аумағында сатуға арналған. Осылайша, Алматы көшелеріне 360 миллион теңгеден астам сомаға психотроптық заттардың ең мықты аналогтарының 20 мыңға жуық дозасының таралуына жол берілмеді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Есірткі заттарын заңсыз дайындау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу