Жыл басынан бері азаматтар шекарадан 6,9 млрд теңгені алып өтпек болған

319

Материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзырлы органдарға берілді.  

Жыл басынан бері азаматтар шекарадан 6,9 млрд теңгені алып өтпек болған Фото: Depositphotos.com

ҚР ҰҚК Шекара қызметі шетелге ақша қаражатын заңсыз әкету фактілерінің жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Биыл 2 маусымда Атырау облысы "Құрманғазы" өткізу пунктінде тексеруден өту кезінде ҚР азаматының жеке жүгінен 299,6 мың АҚШ доллары табылған.

Сонымен қатар, осы жылы 3 маусымда Жамбыл облысы шекарасында жасырын түрде 102,5 млн рубль өткізуге әрекеттенген алты шетел ұсталды.

Жалпы жыл басынан бері 6,9 млрд теңге сомасына декларацияланбаған валютаны әкетудің 681 әрекеті тоқтатылды.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасында белгіленген сомадан жоғары (10 мың АҚШ долларынан аспайтын) қолма-қол ақшаны республикадан тыс жерге әкетуге тыйым салынатынын еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу