Жыл басынан бері дрифт жасаған 372 жүргізуші жауапқа тартылды

324

Рейд кезінде 46 мыңнан астам көлік арнайы тұраққа қойылды.  

Жыл басынан бері дрифт жасаған 372 жүргізуші жауапқа тартылды Фото: ru.pinterest.com

Қазақстанда жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 226 мыңнан астам дерегі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде дрифт жасаған 372 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп келеді.

Рейдтер барысында көлікті алкогольдік масаң күйде басқарудың 5 мыңнан астам фактісі тоқтатылған. Сонымен қатар 4 мыңнан астам жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққаны анықталған. 46 мыңнан астам көлік арнайы тұраққа қойылған.

Қауіпті көлік жүргізу және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне де ерекше назар аударылады. Мәселен, Астанада дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. Алматыда қала жолында дрифт жасаған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, оның көлігі арнайы тұраққа қойылған.

Полиция бірнеше құқық бұзушылық анықталған жағдайда жүргізушілер белгіленген барлық құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу