Жыл басынан бері Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкасымен 212,7 млн транзакция жасалды

790

Жыл басынан бері Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкасымен 212,7 млн транзакция жасалды

Еліміздің Ұлттық банкі "төлем жүйелерінің реестрін" және "төлем қызметтерін маңызды жеткізушілердің тізілімін" жаңартты. Төлем жүйелерінің тізілімінде Қазақстан аумағында жұмыс істейтін 19 төлем жүйесі туралы ақпарат бар.

Елімізде бұл сала енді ғана тәй-тәй басып келе жатқандықтан реестрге "операторлары Қазақстанның бейрезиденттері болып табылатын шетелдік жүйелер" де енді.

Биылғы жыл басынан бері қаржылық реттеушінің төлем жүйелері ("банкаралық ақша аудару жүйесі" мен "банкаралық клиринг жүйесі") арқылы ғана қарапайым қазақстандық сенбес 262,6 триллион теңге сомаға 13,3 млн транзакция жүргізілген. Әйтсе де, бұл сома 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, 5,4%-ға азайған көрінеді. Орташа алғанда, төлем жүйелері арқылы тек бір күн ішінде 3,3 трлн теңге сомаға 165,8 мың транзакция жүргізілген. Жеке сектор да "триллионмен" сөйлейді. Жыл басынан бері Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың көлемі 5,5 триллион теңге сомаға 212,7 млн транзакцияны құрады. Осылайша, 2017 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда транзакциялардың саны 64,2%-ға, ал сомасы – 45,6%-ға ұлғайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу