Жыл басынан бері Маңғыстау облысында жол апатынан 76 адам көз жұмды

662

Маңғыстау облысында жыл басталғалы 316 жол апаты тіркелген.  

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында жол апатынан 76 адам көз жұмды

Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы осы кезеңде 161 жол көлік оқиғасы болған. Демек жағдай екі есе нашарлағанын көрсетеді. Жол апатынан қайтыс болғандар былтыр 44 адам болса, биыл 76-ға жетті. Қайғылы оқиғалар салдарынан 400-ге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Статистиканы сөйлетер болсақ, өткен жылмен салыстырғанда биыл жол апаты 96,3%-ға, қаза тапқандар 72,7%-ға, дене жарақатын алғандар қатары 72,3%-ға өсті. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен 87 жол апат болып, 10 бала көз жұмған.

"Жол-көлік оқиғасының негізгі себептері: жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жолдан өтуі", – дейді мамандар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу