Жыл басынан бері QazTrade 8 сауда миссиясын ұйымдастырды

1091

Бұл іс-шараларға 158 отандық өнім өндіруші қатысып, жалпы сомасы 60 млрд теңгеге 48 экспорттық келісімге қол қойды.  

Жыл басынан бері QazTrade 8 сауда миссиясын ұйымдастырды

Бұл туралы "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Экспортқа шығатын компаниялардың көбісі ірі және орта, тұрақты экспорт жасайтын компаниялар. Бірақ "QazTrade" соңғы екі жылда ұстанған басты көмек көрсету құралдарының бірі өз бизнесін енді бастап жатқан шағын кәсіпорындарға қаржылай емес көмек көрсету болып табылады. Осы орайда, біздің нақты үш құралымыз бар. Біріншісі, коучинг. Биыл экспорттық коучинг бағдарламасын Халықаралық сауда орталығы Еуропалық одақтың қаржылық көмегі шеңберінде пилоттық жоба ретінде енгізді. Нәтижесінде, бұрын экспорт жасамаған компаниялардың осы коучингтен кейін экспортқа шығуға, шағын компанияның экспорттық стратегиясын құруға деген ниеті барын байқадық. Сонымен қатар биыл қазақстандық қолөнер шеберлеріне, тігін саласында жұмыс істейтіндерге, оның ішінде әйел адамдарға арнайы қолдау көрсетілді. Оның аясында арнайы электрондық платформаларда қазақстандық микрокәсіпорындарды шығаруға, білімін жетілдіруге көмек көрсетіледі. Үшінші құрал бізге білім алуға берілетін тапсырыстар. Барлық қызметтер шағын және орта бизнес өкілдеріне толықтай тегін ұсынылады. Әр экспорттаушыға арнайы курстар дайындалады. Бұл "ақылды экспорт" деп аталатын практикумда ескеріледі. Меніңше, қаржылай емес көмек Қазақстанда жаңадан ашылған кәсіпорындарға, оның ішіне экспорттаушыларға толыққанды көрсетіледі", – деді  деді спикер.  

Экспорттық қаржылай емес қолдау құралдарының бірі сервистік көмек. Бұл ұғымға отандық өнім өндірушілерді және қызмет көрсетушілерді шетелде өтетін халықаралық көрмелерге және арнайы сауда миссияларына қатысуын ұйымдастыру жатады.

"Сауда миссиясына экспорттық әлеуеті зор отандық өндірушілер іріктеліп алынады. Осы компаниялардың бағытына сәйкес шетелдік сатып алушылар іздестіріледі және бизнес форум немесе B&B форматында (жеке жолықтыру) кездесулер өтеді. Бұл шаралардың басты мақсаты Қазақстанды өнімді экспорттау арқылы отандық өндірушілердің әлеуетін арттыру", – деді спикер.  

Жыл басынан бері QazTrade 8 сауда миссиясын ұйымдастырған. Бұл миссияларға 158 отандық өнім өндіруші қатысты. Нәтижесінде жалпы сомасы 60 млрд теңгеге жуық 48 экспорттық келісімге қол қойылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу