ҚТЖ теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Заң және тәртіп" тұжырымдамасы шеңберінде теміржолшылар жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен, әскерилендірілген күзет бөлімшелерімен бірлесіп жүргізушілермен және тұрғындармен, оның ішінде оқу орындарында профилактикалық рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
ҚТЖ жүргізушілерге ескертеді: бағдаршамның тыйым салу сигналы, жабық немесе жабылатын шлагбаум кезінде, сондай-ақ пойыз жақындаған кезде өткелге шығуға тыйым салынады.
Жол белгілері мен қозғалысты реттеу сигналдарының талаптарын қатаң сақтау қажет.
"Жаяу жүргіншілер темір жолдарын тек белгіленген орындарда кесіп өтуі, жолдардың жанында құлаққаптар мен мобильді құрылғыларды пайдаланбауы және балаларды теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жанында қараусыз қалдырмауы тиіс", – дейді мамандар.