Жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 63 апаттың алды алынды

280

Машинистер шұғыл тежеу арқылы апаттардың алдын алды.

Жыл басынан бері теміржол өткелдерінде 63 апаттың алды алынды Фото: ru.sputnik.kz

2026 жылдың басынан бері "Қазақстан темір жолы" локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде болуы мүмкін 63 жол-көлік оқиғасының алдын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған машинистердің дер кезінде әрекет етіп, шұғыл тежеу қолдануы себеп болған.

ҚТЖ мәліметінше, барлық жағдайда жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөлік жүргізушілері кінәлі болуы мүмкін. Олар өткел сигналдарын елемей, жақындап келе жатқан пойыздың алдынан өтіп кетуге тырысқан.

Мұндай жағдайлардың ең көбі шілде айында тіркелді – 12 оқиға. Маусымда 11, мамырда 8, ал қарашада 3 жағдайдың алды алынған.

Мәселен, 11 қарашада Шығанақ – Шу учаскесінде жүк пойызының машинисі Жиделі – Бірлік өткелінде теміржолға шығып кеткен тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігін байқап, шұғыл тежеу қолданған. Сол арқылы соқтығысудың алдын алды.

Оқиға кезінде пойыз 46 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Ал жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалған. Өткел сигналдары қалыпты жұмыс істеген.

Оқиға туралы Шу аудандық полиция бөліміне хабарланды. Шұғыл тоқтау салдарынан пойыз 10 минутқа кешіккен.

ҚТЖ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелері мен темір жолдарды кесіп өту кезінде өткел сигналы талаптарын қатаң сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу