Жыл басынан бері Ұлттық қорға 1,5 трлн теңге түскен

973

 Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға жоғары.

Жыл басынан бері Ұлттық қорға 1,5 трлн теңге түскен

Жалпы түсімнің 645 млрд теңгесі корпоративті табыс салығынан жиналған. Ал табыстан жоғары салық 107 млрд  теңгені құрады. Мұнай нарығынан келген бонустар 5 млрд теңгеге жеткен. Шикізат компанияларынан 168 млрд теңге, шикі мұнай экспортынан 177 млрд теңге түскен.

Одан басқа, мұнай нарығындағы ұйымдардан келісімшарт бойынша Қазақстанның үлесіне тиген қаржы  370 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, Ұлттық қорға тау-кен саласынан 46,5 млрд, әкімшілік және өзге де төлемдер 11 млрд теңгеге түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу