Жыл басынан кірістер бойынша жоспар асыра орындалды

146

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 6,4 трлн теңгеге жетті.  

Жыл басынан кірістер бойынша жоспар асыра орындалды Фото: azh.kz

2026 жылдың I тоқсанында шикізат пен валюта нарығының сыртқы құбылуына қарамастан, жалпы негізгі бюджет параметрлері атқарылды. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Есепті кезеңде мемлекеттік қаржының орнықтылығы, барлық әлеуметтік міндеттемелерді, дер кезінде қаржыландыру, өңірлерді қолдау, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды цифрлық, басқарылатын моделге көшу қамтамасыз етілді. Шикізат пен валюта нарығының сыртқы құбылуына қарамастан, жалпы негізгі бюджет параметрлері атқарылды. Трансферттерді есептемегенде, мемлекеттік бюджеттің кірістері 6,4 трлн теңгені немесе жоспарға 104,3% (пайызды) құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, түсімдер 931 млрд. теңгеге немесе шамамен 17 пайызға өсті", – деді ведомство басшысы.

Министрдің мәліметінше, республикалық бюджет кірістері 4,2 трлн теңгеге жетіп, 102% атқарылды. Жергілікті бюджет жоспардан 193 млрд теңгеге асыра орындалып, 2,3 трлн теңге көлемінде, түсім алып келді.

"2025 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, салық түсімдерінің өсуі 20%-ды немесе 1 трлн теңгеден аса түсім қамтамасыз етілді. Импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша түсімдер, 165 млрд теңгеге ұлғайды. Оның ішінде, алдын ала берілетін деректерге сәйкес, қосылған құн салығы мөлшерлемесінің ұлғаюы есебінен, өсім шамамен 80 млрд теңгені құрайды", – деп атап өтті Мәди Тәкиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу