Жыл басынан көмір өндіру саласына 100 млрд теңге инвестиция құйылған

344

Кеншілердің еңбек қауіпсіздігі мәселесі көңіл көншітпейді.

Жыл басынан көмір өндіру саласына 100 млрд теңге инвестиция құйылған Фото: 2cad.ru

Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында көмір өндіру саласына 100,8 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 25%-ға көп. Инвестиция көлемі екінші жыл қатарынан артып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты finprom.kz порталына сілтеме жасап.

9 айда сектордағы негізгі капиталға инвестициялар толығымен кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.

Осы жылдың екінші тоқсан қорытындысы бойынша көмір өндіру саласындағы қызметкерлердің тізімдік саны 30,5 мың адамға жетті. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға көп. Қызметкерлердің нақты саны – 29,2 мың адам.

Айта кетейік, Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысындағы кеншілердің жалақысына қатысты пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, кеншілер 300 мың теңгеден 1,6 млн теңгеге дейін айлық алған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы екінші тоқсанда көмір өндіру саласындағы орташа айлық жалақы 503,9 мың теңге болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу