banner

Жыл басынан мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы тағы 22%-ға артты

395

Тиісті ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі таратты. 

Жыл басынан мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы тағы 22%-ға артты Фото: google

Соңғы екі жылда 64 мыңға жуық мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 45%-ға көтерілді, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылдың қаңтарынан барлық санаттағы қызметкерлердің айлығы өскенін атап өту керек. Бұл басшылар мен жетекшілер, негізгі персоналмен қатар, еден жуушы, күзетші, вахтер секілді жұмыскерлердің де еңбекақысы көтерілді", – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов.

Ақпаратқа сәйкес, "Ұлттық" мәртебесі бар 5 мәдениет ұйымы қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық артқан. Ведомство болашақта бұл нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу