Жыл басынан мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түсті

330

Жергілікті кіріс бойынша жоспарлар барлық аймақта асыра орындалған. 

Жыл басынан мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түсті Фото: kazpravda.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев жыл басынан бері мемлекеттік қаржы қалай атқарылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің айтуынша, биылғы 2 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 3 трлн 224 млрд теңге түскен. Республикалық бюджет 1 трлн 902 млрд теңгемен толықты. 

Мәди Такиев кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмағанын айтты.

"Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі – негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Сондай-ақ, "Теңізшевройл" ЖШС мұнайдың экспорт көлемін 2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы қаңтарға ауыстыруына байланысты экспорттық кеден бажының салығы салынатын шикі мұнай экспорты көлемінің 1 млн тоннаға азайғаны байқалады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Жоспардың орындалмауына қаңтардан бастап 2023 жылғы ҚҚС бойынша 594 млрд теңгенің 252 млрд теңгесі сомасындағы борыштарды қайтара бастауы әсер етті.

"Жергілікті бюджеттердің кірісі – 1 трлн 322 млрд теңге. Кірістер бойынша жоспарлар барлық өңірде асыра орындалды", - деді Қаржы министрі Мәди Такиев.

Айта кету керек, осыған дейін ел экономикасы 4,2%-ға артқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу