Жыл басынан тұтынушылық несие алушылар саны артқан

277

Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша экономикаға берілген несиелер 15,3%-ға ұлғайып, 26,3 трлн теңгеге жетті.

Жыл басынан тұтынушылық несие алушылар саны артқан Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

“Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 22,4%-ға өсті. Олар негізінен тұтынушылық кредиттердің 25,4%-ға және ипотекалық кредиттердің 11,8%-ға ұлғаюы есебінен өсті. Бизнеске берілген кредиттер ШОБ кредиттерінің өсуі есебінен 14,9 пайызға ұлғайып, 10,4 трлн теңгені құрады. Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда банк секторы маңызды рөл атқарады”, - деді спикер.

Оның сөзінше, агенттік бизнес субъектілеріне кредит беруге қолдау көрсету мақсатында 2020 жылдан бері пруденциялық ынталандыру шараларын іске асырып келеді.

“Олардың шеңберінде банктердің капиталы мен өтімділігіне түсетін реттеушілік жүктеме азайтылды, сондай-ақ банктердің кепіл саясатына қойылатын талаптар жеңілдетілді”, - деді Олжас Қизатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу