Биылғы жылдың 10 айында жедел жәрдем бригадалары 6,6 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қоңыраулар саны 0,1%-ға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жедел жәрдем қызметінің дерегінше, биыл алғашқы 10 айда шақыртулар санаттары бойынша мынадай өзгерістер байқалды:
1-санат (ең жедел шақыртулар):
356 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 0,5% көп.
2-санат:
Шақыртулар саны 1,8% өсіп, 2,1 млн-нан асты.
3-санат:
Бұл санаттағы шақыртулар көлемі өзгеріссіз қалды – 1,9 млн-нан сәл көп.
4-санат (шұғыл емес шақыртулар):
Өтініштер саны азайғанымен, қызмет көрсету тәртібі өзгерді.
Емханалар жанындағы мобильдік бригадалар биыл 1,08 млн шақыртуға шықты. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 23,2% аз.
Ал жедел жәрдем станциясы бригадалары 4-санат бойынша 1 183 590 шақыртуға қызмет көрсетті.
Еске сала кетейік, 4-санаттағы шақыртуларға жұмыс күндері сағат 8:00–20:00 аралығында емхана мобильдік бригадалары барады. Қалған уақытта бұл санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем станциялары шығады.
Қазір республика бойынша жедел жәрдем қызметі:
- 20 дербес станциядан,
- 96 қалалық қосалқы станциядан,
- 212 аудандық бөлімшеден тұрады.
Барлығы 1 618 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді:
- 258-і – дәрігерлік мамандандырылған,
- 1 360-ы – фельдшерлік бригада.
- Оның ішінде қалаларда – 999, аудандарда – 619 бригада қызмет көрсетеді.