Жыл өтпей заң өзгертуге тыйым салынады

451

Заң жобасы Мәжілістің қарауында жатыр.

Жыл өтпей заң өзгертуге тыйым салынады

Еліміздегі заңдардың жиі өзгеретіні, осыдан болып қарапайым халық түгіл кәсіби мамандардың өзі шатасып жататыны айтудай-ақ айтылып жүр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында осы бассыздықты реттеуді тапсырған болатын. Әділет министрлігінің заңнама департаментінің директоры Арман Кенжеғалиев ведомствоның алқа мәжілісінде аталмыш тапсырманың қалай жүзеге асып жатқанын баяндады.

"Қазіргі уақытта белгілі бір жағдайларды қоспағанда, бір жылдан аз қолданыстағы заң нормаларын өзгертуге тыйым салуды көздейтін заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралуда. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер қазақстандық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған",– деді департамент басшысы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу