Жыл сайын 4,9 млн адам екпе салдырады

375

Мамандардың айтуынша, адамдардың жеке сенімі, діни көзқарастары және интернетте тараған жалған ақпарттар да вакциналауға әсер етеді.

Жыл сайын 4,9 млн адам екпе салдырады Фото: gov.kz

Алайда кейінгі кездері әлем бойынша вакциналаудан бас тартатындар көбейген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Біздің елде бұл көрсеткіш кейінгі 8 жылда 3,8 есе өскен.

– Былтыр елімізде 20 мыңнан астам бас тарту дерегі тіркелді. Уақытылы вакцинациялаудың басты артықшылығы ол - аурудың алдын алу. Иммундық қорғанысты құру. Ата-аналардан балаларды вакцинациялауды назарға аударуды сұраймыз. Вакцина болмаса тіркелген жері бойынша тез арада шараларды қабылдауды сұраймыз, – деп мәлімдеді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Нарғыз Мұратова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу