Жыл сайын мыңға жуық ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылады

740

Елімізде 8 мыңдай жағдайы жоқ отбасы бар, онда 12 мың бала тәрбиеленеді. 

Жыл сайын мыңға жуық ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылады

Бұл туралы балалардың құқықтарын қорғауға қатысты брифингте ІІМ Ювеналдық полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау басқармасының бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді. 

"Көбіне балаларын өсіру құқығынан айырылатын ата-аналар ішімдік ішеді, балалардың білім алуы мен тәрбиесіне мән бермейді. Өкінішке қарай жыл сайын елімізде мыңға жуық ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айырылады. Жалпы елімізде 8 мыңдай жағдайы жоқ отбасы бар. Оларда 12 мыңдай бала тәрбиеленеді. 3-4 жыл бұрын мұндай отбасылардың саны 9-10 мыңдай болатын. Жыл сайын статистика жақсарып келеді", – деді Әсет Оспанов. 

Бұл ретте ол ата-аналарды бала тәрбиелеу құқығынан айырылмас бұрын олардың денсаулығын жақсарту, алкогольге тәуелділіктен емдеу, жұмыс тауып беру сынды арнайы шаралар жасалады. Егер содан кейін де ата-анасы өзгермесе, онда балалар құқығын қорғау органдары сотқа жүгінеді.

"2019 жылдың сәуір айына дейін осы жұмыстарды полиция атқарып келді. Полицияда қандай шара бар? Ол жауапкершілікке тарту, ата-ана құқығынан айыру. Енді заңнамаға өзгеріс енгізіліп, медициналық-әлеуметтік есеп енгізілді. Қазір есепке сәйкес жергілікті атқарушы әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту органдары бірлесе отырып, отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға күш салады. Егер отбасы осынша көмектен кейін де дұрыс өмір сүрмей, баланың өміріне қауіп төндірсе, онда құқығынан айыру туралы өтініш сотқа жіберіледі", – деді басқарма басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу