Жыл сайын шамамен 6 миллионға жуық әйел пойызбен сапарға шығады

312

Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен жыл сайын шамамен 6 млн әйел жолаушы сапарлайды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты Қазақстан темір жолына сілтеме жасап.

Жыл сайын шамамен 6 миллионға жуық әйел пойызбен сапарға шығады Фото: ҚТЖ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарымен жыл сайын шамамен 13,5 миллион жолаушы тасымалданады, олардың жартысына жуығын әйелдер құрайды. Орта есеппен 6 миллионға жуық әйел жолаушы еліміздің теміржол бағыттары бойынша жыл сайын сапарға шығады.

Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету – Ұлттық тасымалдаушы қызметінің басым бағыттарының бірі.

"Осы мақсатта компания пойыздарында арнайы әйелдерге арналған вагондар қарастырылған. Бүгінде мұндай вагондар 12 бағыт бойынша қатынайды", – деп жазылған хабарламада.

Компания хабарлауынша, теміржол саласында бүгінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да 3,5 мыңнан астам әйел қызметкер еңбек етеді. Олардың 1256-сы жолаушылар пойыздарының жолсерігі, ал 401-і билет кассаларында қызмет атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу